Меню
Біз туралы
KazMediaNetwork - 2021 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген жаңа қоғамдық бірлестік. Ұйым құрылтайшыларының қатарында университет оқытушылары, журналистер, коммуникация саласының мамандары, танымал медиалардың редакторлары бар.

Біздің міндет – қазақстандық журналистиканың алдында тұрған өзекті проблемалар мен міндеттерді талқылауға арналған бірыңғай алаң құру, этикалық нормаларды 2012 жылы қабылданған Журналистер кодексінің негізінде, бірақ интернет пен әлеуметтік желілер бар жаңа заман талабына сай құрастырылған медианың негізгі принциптері арқылы көпшілік арасына кеңінен тарату.
Мақсаттар
2021 жылы біз "Қазақстандық Медиа Желі/Kazakhstan Media Network" қоғамдық бірлестігінің жұмысын 3 бағытта жоспарладық:

1. Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетін құру. Комитет қызметі медианың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі, ол өз кезегінде аудиторияның журналистикаға деген сенімін ұлғайтады. Бұдан бөлек, медиа саласында (сотқа дейінгі қарау) медианың негізгі принциптерін бұзу бойынша шағымдарды қарау журналистер мен редакциялар үшін соттасу істерін азайтады және болдырмайды;

2. Медианың негізгі принциптерінің негізінде Қазақстандағы университеттердің журналистика кафедралары мен факультеттерінің студенттері үшін бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламасын әзірлеу;

3. Этикалық нормалар мен стандарттарды, медианың негізгі принциптерін журналистер, редакторлар, медиа саласының басқа да қызметкерлері мен журналистиканы мамандық ретінде таңдаған студенттермен онлайн және оффлайн жаттығулар, кездесулер және тренингтер арқылы насихаттау.
Қазақстандағы медианың өзін-өзк реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетін құру және медианың негізгі принциптерін насихаттау жөніндегі бастамашыл топтың құрамы
Ольга Настюкова
Журналист, редактор, PR маманы. Медиатренер, ToT Internews Network сертификатының иегері
Есенгул Кап
Журналист, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Лариса Нода
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің оқытушысы, медиасарапшы, медиатренер, халықаралық Пушкин сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты
Бактыгуль Бурбаева
Медиасарапшы, медиатренер, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Салтанат Касенова
Журналист, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Айсулу Шайкенова
Оқытушы, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Айгерим Бегимбет
Журналист, фотограф, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Алия Самудин
Жоба үйлестіруші, СММ менеджер
Санжар Менисов
Заңгер, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Жания Абдибек
Тележүргізуші, журналист, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
Адилет Мусахаев
Журналист, қоғамдық бірлестіктің құрылтайшысы
© Kazakhstan Media Network, 2021
Заңды мекен-жайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы 192/2, 902 кеңсе
Байланыс құралдары:
Телефон: +7 777 213 13 67
Email: media.principles.kz@gmail.com
Made on
Tilda