Меню
Өтініш беру үлгісі
А.Т.Ә.
Электрондық пошта
Телефон нөмірі
Хаттың тақырыбы
Шағымдану себептері мен медиаға қойылатын талаптар көрсетілген өтініш мәтінін, сондай-ақ өтінішке сканерленген ақпарат, аудио, фотодан тұратын басқа да растайтын қосымшаларды жүктеңіз.
Жүктелетін файлдардың максималды саны - 10.
Пайдаланушы келісімі ✓ Еліміздің медиа саласындағы этикалық нормалардың бұзылуы туралы өтінішім медианың базалық принциптері негізінде медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінде қаралуына, осы өтініштің жария қаралуына және қоғамдық комитеттің шығарған шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына келісім беремін. Осы үлгіні толтырыңыз, шағымдану себептері мен медиаға қойылатын талаптар көрсетілген өтініш мәтінін және Сіздің өтінішіңізде сөз болып отырған медиа материалдардың растайтын көшірмелерін жіберіңіз.
_________________________________________________________________________________________

Ашықтық, есептілік және жеке деректерді қорғау саясаты

"Қазақстандық Медиа желі" қоғамдық ұйымы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитеттің қызметін қолдайды:

- Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитеттің қызметі және медиаэтика мәселелері бойынша медиа қоғамдастық үшін онлайн және оффлайн форматтарда конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

- Жиналыс өткізуді ұйымдастыруға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мен өңдеуге көмектеседі, Қазақстандағы медианың базалық принциптері аясында этикалық нормаларды бұзу туралы өтініштер бойынша шешімдер қабылдау үшін сарапшыларды тартады;

- Комитет мүшелері, журналистер, журналистика кафедраларының оқытушылары мен студенттері, қалың жұртшылық үшін медиаэтика бойынша оқыту тренингтерін, конференцияларды, кездесулерді, семинарларды, тәжірибе алмасу бағдарламаларын өткізуге көмектеседі;

- Жоғарыда аталған қызмет түрлері үшін донорлық ұйымдар мен серіктестерден қаражат тартады;

- Берген сомаларын көрсете отырып донорлық ұйымдар мен серіктестердің тізімін жариялайды (соның ішінде жекелей көрсетілген қайырымдылық көмегі бар). Донорлық ұйымдар мен серіктестер жеке немесе заңды тұлғалардың шағымдары бойынша көзқарастар мен қабылданатын шешімдерді бөліспеуі мүмкін;

-Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитеттің қызметі және өзінің жұмысы туралы ақпараттың жұртшылыққа қолжетімділігін арттыру үшін осы веб-сайтты қолдайды.

Сайт жұмысының басты мақсаты - медиа саласының кәсіби дамуы туралы ақпараттандыру, азаматтар мен ұйымдарға қоғамдық комитетке жүгінуге мүмкіндік беру, комитет шешімдерін жариялау.

Егер бізге кемшіліктер туралы айтылса, біз оларды түзетуге тырысамыз.

Сайтта қандай да бір нақты жеке немесе заңды тұлғаға қатысты нақты жағдайларды қарау бойынша өтініштер мен олар бойынша қабылданған шешімдер жариялануы мүмкін. Және бұл шешімдер міндетті түрде егжей-тегжейлі, толық, дәл бола алмайды. Себебі өтініштер медиаэтиканы бұзуға қатысты дауларды сотқа дейін реттеу қағидасы бойынша Қазақстан медиасының базалық принциптерінің негізінде қаралады.

Интернетте қолжетімді құжат ресми түрде қабылданған шешіммен дәл келетініне көз жеткізу үшін қоғамдық комитеттің шешімін mediaprinciples.kz.ресми сайтынан оқып отырғаныңызға көз жеткізіңіз.

Этикалық принциптерді бұзу бойынша медиаға өтініш беруге ниетті пайдаланушы, жеке немесе заңды тұлға сайттың тиісті бетіне өтіп, өтініш нысанын толтыруға, медиаға қойылатын талаптардың себептері көрсетілген өтініш мәтінін, материалдарды растайтын көшірмелерін жіберуге және келесідей пайдаланушылық келісіммен келісуге тиіс:

"✓ Еліміздің медиа саласындағы этикалық нормалардың бұзылуы туралы өтінішім медианың базалық принциптері негізінде медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитетінде қаралуына, осы өтініштің жария қаралуына және қоғамдық комитеттің шығарған шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына келісім беремін.

Осы үлгіні толтырыңыз, шағымдану себептері мен медиаға қойылатын талаптар көрсетілген өтініш мәтінін және Сіздің өтінішіңізде сөз болып отырған медиа материалдардың растайтын көшірмелерін жіберіңіз."

Авторлық құқық туралы ескерту.

mediaprinciples.kz сайтының материалдарын қайта пайдалану ақпарат көзі көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Егер сіз дереккөзге сілтеме жасалған материалдың сілтемесін пайдаланғыңыз келсе үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқығы туралы ұмытпауыңыз керек.

Жеке деректерді қорғау.

"Қазақстандық Медиа желі" қоғамдық бірлестігі және медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитет пайдаланушылардың құпиялылығын сақтауға мән береді, сондықтан сізден сұралатын құпия, жеке ақпарат медиа саладағы кәсіби әдеп жөніндегі дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін кері байланысты ұйымдастыру мақсатында алынатын болады. Басқа мақсаттарда сіздің ақпаратыңыз қайта пайдаланылмайды. Ақпаратты үшінші тұлғаларға этикалық мәселелер бойынша дау тараптарының арасында диалог орнату қажет болған жағдайда ғана тараптардың келісімімен ашамыз. Сіздің жеке деректеріңізді тікелей маркетинг мақсатында жария етпейміз.
© Kazakhstan Media Network, 2021
ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы 192/2, 902 кеңсе
Байланыс үшін:
Телефоны: +7 777 213 13 67
Email: media.principles.kz@gmail.com
Made on
Tilda